Қазақстан көкпаршылары IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңіске жетті

Финалда Қазақстан құрамасы Қырғызстан командасымен кездесіп, 4:3 есебімен басым түсті.

Қазақстан көкпаршылары IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жеңіске жетті, деп хабарлады Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы. Бүгін ақтық сында Қазақстан командасы қырғызстандық көкпаршылармен ойнап, жоғары дәрежедегі ойын үлгісін көрсетті. Есеп 4:3.

Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

Қырғыз шеңберіне Әділет Мамыт 2 салым,  Құрманбек Тұрғанбек 1 салым, Абылайхан Нышанбеков 1 салым салды.

Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

Бұған дейін Қазақстан құрамасы Өзбекстандық көкпаршылармен ойнап, 8-1 есебімен және Моңғолия құрамасын 12-2 есебімен жеңгенін хабарлаған болатынбыз.


Оқи отырыңыз: Түркияда IV Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатыр. Фоторепортаж


Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

Айта кетейік, көкпар Көшпенділер ойындарының бағдарламасына тұңғыш рет еніп отыр, осыған дейін шабандоздар көкбөрі ойнаған болатын.

Фото: Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы

Көкпардан Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Ауғанстан, Венгрия командалары келді. Ауғанстан аттарының мәселесі шешілмеуіне байланысты ойын көрсете алмады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз