USD: 490.5 / 493.5
  • EUR: 571.0 / 576.0
  • RUB: 6.57 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Ұлы Бала Fest: Қазақмыстың мерекелік шараларына мыңнан астам бала қатысты

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Биыл компания жұмыскерлердің 1200-ден астам баласының жазғы демалысын ұйымдастырады.

1 маусым күні Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі

Аты аталған қалалардың кішкентай тұрғындары үшін "Қазақмыс" компаниясы "Ұлы Бала Fest – Балалық шаққа саяхат" фестивалін ұйымдастырып, өндірістік нысандарға экскурсия жасады және балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көмек көрсетті.

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Мерекелік алаңдарға мыңдаған бала мен ата-аналар жиналды. Қонақтарға интерактивті ойындар, шығармашылық шеберлік сабақтары, аниматорлардың қойылымдары, түрлі байқаулар мен спорттық жарыстар және ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Отбасылық мереке атмосферасын қалыптастыруға ерекше назар аударылды, әрбір бала өз қызығушылығына сай іспен айналысып, жақындарымен бірге уақыт өткізді.

Балаларды қорғау күні аясында компания жұмыскерлерінің балалары үшін Жезқазған, Қарағанды және Балқаш қалаларындағы "Қазақмыстың" өндірістік нысандарына экскурсия ұйымдастырылды. Қатысушылар Нұрқазған байыту фабрикасына, Қоңыраттағы өндірістік алаңға, жөндеу-механикалық бөлімшелеріне және құю-механикалық зауытына барды. Экскурсия барысында балалар заманауи технологиямен, өндіріс үдерісімен және ата-анасының күн сайын атқаратын жұмысымен танысты.

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Жезқазғандағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне арнап ұйымдастырылған қайырымдылық акциясы мерекелік іс-шараның жеке бағытына айналды. Компания өкілдері балаларды мерекесімен құттықтап, сыйлықтар табыс етті және ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды. Мұндай бастамалар Қазақмысқа қатысы бар өңірлердегі балалар мен отбасыларды қолдауға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.

Жас ұрпаққа қамқорлық жасау компанияның әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі болып қала береді. Мерекелік іс-шарадан бөлек "Қазақмыс" балалардың дамуына, денсаулығын нығайтуға және қолдауға бағытталған бағдарламалар кешенін жүзеге асырып келеді.

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

2026 жылы "Қазақмыс" еліміздегі сауықтыру лагерьлерінде жұмыскерлердің 1200-ден астам баласының жазғы демалысын ұйымдастырады. Балалардың денсаулығын нығайтуға, жаңа дағдыларды дамытуға және жазғы демалысын сапалы өткізуге бағытталған спорттық, білім беру және шығармашылық бағдарламалар әзірленді. Жазғы демалыстың алғашқы науқаны 7 маусымда басталады.

Арнайы медициналық көмекке мұқтаж балаларды қолдауға да ерекше назар аударылуда. 2026 жылдың басынан бері балаларды оңалту бағдарламасы аясында 54 бала қалпына келтіру емін алды, ал жобаны қаржыландыруға 31 млн теңге бөлінді. Бағдарлама 2020 жылы іске қосылғаннан бері Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларында мыңнан астам балаға көмек көрсетілді.

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Балаларды қолдау, олардың дамуына, сауығуына және толыққанды демалуына жағдай жасау "Қазақмыстың" әлеуметтік жауапкершілігінің маңызды бағыты болып табылады. Компания отбасылардың өмір сүру сапасын арттыруды және өзіне қатысы бар өңірлердің әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жобаларды жүзеге асыруды жалғастыра береді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз