USD: 485.1 / 489.1
  • EUR: 567.5 / 572.5
  • RUB: 6.51 / 6.63
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

"Мөлдір бұлақ": Қазақмыс қызметкерлері су айдындарының жағалауын тазартты

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Фото: Kazakhmys Telegram арнасы
Акция бір мезгілде Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Қарағанды, Шу және Астана қалаларында өтті.

30 мамырда "Қазақмыс" тобы кәсіпорындарының 2100-ден астам жұмыскері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан республикалық "Таза Қазақстан" бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған "Мөлдір бұлақ" экологиялық акциясына қатысты, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Акция бір мезгілде Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Қарағанды, Шу және Астана қалаларында өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – су айдындарының жағалауын қоқыстан тазарту, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыру.

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Жұмыс Кеңгір су қоймасы, Балқаш көлі, Федоров су қоймасының жағалауларында, сондай-ақ су нысандарына және тұрғындардың демалатын орындарына іргелес басқа да аумақтарда ұйымдастырылды.

Акция аясында қатысушылар жағалау аймағын тұрмыстық қалдықтан тазартты, санитарлық тазалау жұмысын жүргізді және жиналған қоқысты арнайы белгіленген орынға шығарды.

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Жұмысқа 25 бірлік арнайы техника жұмылдырылды және 1500 астам тазалау құралы қолданылды. Акция қорытындысы бойынша шамамен 250 тонна қоқыс жиналып, шығарылды.

Экологиялық бастамаға "Қазақмыс" Тобы кәсіпорындарының жұмыскерлері, оның ішінде "Қазақмыс" корпорациясы, Kazakhmys Smelting, Kazakhmys Barlau, Kazakhmys Maintenance Services, Maker және басқа да кәсіпорындар қатысты.

Фото: Kazakhmys Telegram арнасы

Компания өкілдері экологиялық акцияға қатысу қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму бағытындағы жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылатынын атап өтті. 

"Қазақмыс" табиғи ресурстарды сақтауға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға және өзіне қатысы бар өңірлерде экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясындағы шараларды тұрақты түрде қолдап келеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз