Тікелей эфир

Ұлттық тестілеу орталығы ҰБТ базасындағы сұрақтарды жаңартты

Тестілеуді онлайн форматта орталықтың сайтында тапсыруға болады.

Ұлттық тестілеу орталығы тегін байқау сынақтарының базасын жаңартты. Тестілеуді онлайн форматта орталықтың сайтында тапсыруға болады, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Байқау сынағы оқуға түсушілерге ҰБТ-ға дайындалуға көмек ретінде әзірленді. Талапкерлерге ҰТО сайтында тегін онлайн тестілеуден өту мүмкіндігі беріледі. Ол үшін талапкер ЖСН енгізіп, бейіндік пәндердің комбинациясын таңдау қажет.

"Қазан айында біз ҰБТ-ға дайындық үшін тегін онлайн тестілеуді іске қостық. Осы уақытқа дейін тестілеу 470 мың рет тапсырылған. Көптеген мектеп түлектері тест тапсырмаларымен танысты деп ойлаймын. Яғни, талапкерлерге биыл IT-мамандыққа түсу үшін "Математика-Информатика" пәндерінің комбинациясы қолжетімді. Сонымен қатар болашақ студенттер тест тапсырмаларының өзгертілген құрылымымен таныса алды. Енді біз базаны жаңартып, балалардың бас емтиханға дайындығын жақсарту үшін жаңа сұрақтар базасын ұсынып отырмыз", – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Еске салайық, биыл тесттегі жауап нұсқаларының санын азайту туралы шешім қабылданды. Бір дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 5-тен 4-ке дейін, бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тест тапсырмаларында нұсқалар саны 8-ден 6-ға дейін азаяды.


Оқи отырыңыз: ҰБТ-2023: Оқуға түсу үшін қанша балл жинау қажет?


Тестілеу форматында өзгерістер жоқ.

"Қазақстан тарихы" және "Дүниежүзі тарихы" пәндері бойынша 100 датаның тізімін жариялады. Ал "Қазақ әдебиеті" және "Орыс әдебиеті" бейіндік пәндері бойынша талапкерлер үшін тест тапсырмаларында кездесетін шығармалар тізімі қолжетімді. Жаңа пән "Информатика" бойынша тестілеуде кездесетін терминдер тізімі жарияланған",– деді Руслан Емелбаев.

Серіктестер жаңалықтары