Президент қыркүйекте Қазақстанды дамыту бойынша нақты шешімдерді жариялайды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде елді дамыту мәселелері бойынша нақты шешімдерді қыркүйек айында өтетін Парламенттің кезекті сессиясының ашылуында айтатынын хабарлады.
"Қастерлі Тәуелсіздігімізді, ел бірлігін және қоғамдық келісімді нығайту – біздің негізгі міндетіміз. Бұл реформалар құр атақ-абырой үшін қолға алынған жоқ. Мұның бәрін Жаңа, Әділетті Қазақстан құру үшін жасап жатырмыз. Халқымызда "Кеңесіп пішкен тон келте болмайды" деген сөз бар. Бабаларымыз маңызды мәселені алқалы жиында шешкен. Мен осы дәстүрді жаңғыртып, Ұлттық құрылтай құру туралы бастама көтердім. Оған қоғамның түрлі топ өкілдері, беделді әрі белсенді азаматтар шақырылады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің айтуынша, құрылтайдың алғашқы отырысы ұлт ұясы – Ұлытауда өткізіледі.
Оқи отырыңыз:
- Президент: Мемлекеттік қызмет – жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын жер емес
- Тоқаев: Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді
"Біз қоғамдық және жеке құндылықтар жүйесін түбірімен жаңғырта білуіміз керек. Сонда ғана барлық салада түбегейлі өзгеріс жасай аламыз. Жаңа Қазақстанның ең басты байлығы – халық. Ал, ең негізгі мақсаты – азаматтардың бақытты өмір сүруін қамтамасыз ету. Әрбір азаматымыз саяси өзгерістер мен экономикалық өсімнің жемісін көруі қажет. Құрғақ уәде мен бос сөз ешқайда апармайды. Мен үшін нақты іс пен шынайы өзгеріс бәрінен маңызды", – деді мемлекет басшысы.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-