Тікелей эфир

Ұлттық қор қаржысын пайдалануға заңмен тыйым салу қажет пе?

Қор қаражаты 5 жылда 18 млрд теңгеге азайған.

2017 жылы ұлттық қор қаржысы 73 млрд долларды құраса, қазір қаражат 55 млрд долларға дейін азайған. Осы орайда, экономист-заңгер Айыпхан Мұхамадиев үкіметке ұлттық қордан қаражат алуға тыйым салуды ұсынды. 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына берген сұхбатында ол ұлттық қордан қаражат алу үкіметке тығырықтан шығатын жол іздеуге кедергі келтіретінін айтты.

"Мемлекет бұл қорды болашақ ұрпақ үшін құрды. Қор қаражаты – мұнай мен басқа да шикізат өнімдерінен, жекешелендіруден келіп түскен ақша. Алайда соңғы кездері үкімет ұлттық қордан ақшаны жиі ала бастады. Сол себепті бұған тыйым салу керек. Өйткені, бұл үкіметтің жұмыс істеуіне, талпынуына кедергі келтіреді. Мысалы, "Ақжол" партиясының мәліметінше, 25 жылда Қазақстаннан офшорға 160 млрд доллар шығарылған", – деді Айыпхан Мұхамадиев. 


Оқи отырыңыз: 


Заңгер Қытаймен арада 5 млрд долларға дейін тауар сәйкессіздігі барын алға тартты. Осының әсерінен 10 жылда Қазақстан бюджетіне 50 миллиард теңгеден артық зиян келген. 

"Бірақ, үкімет, бас прокуратура да, қаржы министрлігі де мұны зерттеп, анықтамады. Тек 2 ай бұрын кеден басшыларын ауыстырды. Ал бұған үкімет пен қаржы министрлігі тікелей жауап береді. Осындай салғырттықпен қызмет етіп отырған, ұлттық қордың ақшасына кез келген уақытта қол салатын үкімет ізденісті тоқтатады.

Соңғы 10 жылда мемлекеттік кәсіпорындар, компаниялар дивидендті тек 5-10% мөлшерде төлеп тұрған. Бұған кім кінәлі? Есеп комитетінің мәлімдемесіне қарайтын болсақ, мемлекеттік органдар бір триллион теңгені салақтықпен жұмсаған. Ал квазимемлекеттік сектор – ұлттық компаниялар 2 трлн теңгенің мүлкін салғырттықпен басқарып, мемлекетке қандай да бір пайда әкелмеген", – деді экономист. 

Серіктестер жаңалықтары