Тікелей эфир

"Ұлттық қор – балаларға": бірінші төлем қашан түседі және шоттағы ақшаны қалай бақылауға болады

Бала 18 жасқа толғанға дейін ұлттық банк инвестициялауды жалғастырады. 

2024 жылы 18 жасқа дейінгі балаларға ұлттық қордың 2005-2022 жылдардағы орташаланған кірістілігін ескере отырып қаражат есептеледі, деп мәлімдеді қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков. Мұнымен қатар ол азаматтығын ауыстырған балалардың ұлттық қордағы ақшасын талап ете алмайтынын еске салды. 

Министрлік өкілінің айтуынша, бала 18 жасқа толғанға дейін есептелген қаражат іс жүзінде ұлттық қорда сақталады және ұлттық банк инвестициялауды жалғастырады. 

"Ұлттық қорда жинақталған қаражатты пайдалану бала 18 жасқа толған кезде жүргiзiледі. Бұл жинақтар кәмелетке толған адамның ерекше меншігі, ол қаражатты (білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға) қалай пайдалану керектігін өзі шешеді. Бұл ретте шетелдiк оқу орнында оқуға ақы төлеуге арналған қаражатты пайдалануға шектеулер жоқ", – деді Дәурен Темірбеков. 


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Ұлттық қордың трансфертіне тәуелділіктен біртіндеп құтылуымыз қажет


Заңмен келесі ережелер бекітілген:

  1. Әлеуметтік жобаларды іске асыру бойынша көп жылдық тәжірибесін ескере отырып жобаның операторы болып "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" белгіленді.
  2. Барлық қаржылық операция АҚШ долларында жүргізіледі.
  3. Шоттар әділет министрлігінің жеке тұлғалар дерекқоры негізінде "БЖЗҚ" АҚ-да ашылады. Бұл ретте жыл сайын қаңтар айында "БЖЗҚ" АҚ балаларды (туғандар, қайтыс болғандар, азаматтық алғандар немесе жоғалтқандар, кәмелетке толғандар) сандық салыстыруды жүргізеді.
  4. Жобаға Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының тууы немесе азаматтығын алу құқығы бар балалар қатысады.
  5. Егер 18 жасқа дейін бала елден кетіп, Қазақстан азаматтығын өзгертсе, онда төлемдерді талап ету құқығы жоғалады. Қаражат барлық бала арасында қайта бөлінеді. 18 жасқа дейінгі бала азаматтығын ауыстырмай елден кеткен жағдайда, төлемдерді талап ету құқығы сақталады.
  6. Бұл төлемдер тыйым салуға, шектеуге, алып қоюға жатпайды, сондай-ақ салық салудан босатылады.
  7. "БЖЗҚ" АҚ-мен өзара іс-қимыл жасайтын екінші деңгейдегі банктер мен ұлттық пошта операторы уәкілетті операторлар болып танылады. Сондай-ақ, "Отбасы банкі" АҚ-ның білім беру төлемін жасау мен мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысу үшін шоттар ашу бойынша функционалдық мүмкіндіктері кеңейеді.
  8. Ақша қаражатын аударуға "БЖЗҚ" АҚ-ға өтінім жіберген кезде нысаналы жинақтаудың мақсатқа сай пайдаланылуын тексеру уәкілетті операторларға жүктеледі.
  9. Бала әрекетке қабілетсіз болған жағдайда ата-аналарға немесе заңды қамқоршыларға нысаналы жинақтарға билік ету құқығы беріледі. Бірақ тек алушының (кәмелетке толған) пайдасына және тұрғын үйді жақсартуға немесе білім беру ақысын төлеуге ғана рұқсат беріледі.
Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары