Тікелей эфир

Ұлттық музейде тұрған Назарбаевтың ескерткіші қазір қайда?

Музей өкілдері уақыт талабына жауап беруге міндетті екендерін айтты.

Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мүсіні ҚР Ұлттық музейінің атриумынан шығарылды, деп хабарлайды музейдің баспасөз қызметі.

"Ескерткішке келетін болсақ, бұл экспонат музей мүлкі болып саналады және Атриум тұжырымдамасының өзгеруіне байланысты музей қорында тұрақты сақтауда болады. Музей әлеуметтік жады институты ретінде заман талабына сай жауап бере отырып,қоғамға қызмет етуге міндетті", – деп жазылған хабарламада.

Таяу арада музейдің экспозициялық кеңістігін одан әрі жетілдіру жұмыстары бірқатар көрме залын жаңартумен, ғимараттың ішкі бөлігі және сыртқы қасбетін жөндеумен, материалдық-техникалық жағынан жабдықтау қайта жарақтандырумен байланысты болады.


Оқи отырыңыз: Ел ұнатпаған ескерткіштер: Ұсқынсыз мүсіннің көбейгеніне кім кінәлі?


 

Серіктестер жаңалықтары