Тікелей эфир

Ұлттық киноны қолдау орталығы 5 фильм бойынша мәселені сот арқылы шешіп жатыр

Бұған дейін орталық "Қазақфильммен" медиативті келісімге келген болатын.

Ұлттық киноны қолдау орталығының басшысы Құрманбек Жұмағали "Егемен Қазақстан" басылымына берген сұхбатында "Қазақфильммен" арадағы соттың қалай аяқталғаны туралы хабарлады. Еске салайық, орталық "Алтын адам" анима­ция­лық фильміне қатысты "Қазақфильмді" сотқа берген болатын. 

Құрманбек Жұмағалидің айтуынша, бұл жоба Кино орталығы­на 4 жыл бұрын, яғни 2020 жылы ұсынылып, басталған. Жалпы құ­ны – 378 млн теңге.

"Келісім­шарт бойынша ол 2021 жылы аяқ­талуы тиіс болатын. Бірақ орындаушы жұмысты толық аяқ­та­­ма­­ды, фильмді өткізбеді. 2022 ­жы­лы "Қазақфильм" жобаны тағы ­да тап­сыра алмады. 2023 жыл­ға дейін созылған жобада соңғы түзету­лер қамтылмаған болып шық­ты. Орталық шы­ғармашылық ұжым­­ның 3 жыл бойы жобаны аяқ­тай алмай келе жатқан себеп­­теріне түсі­ністікпен қарап, ат­қарған жұ­мыстарына қаражат төленіп кел­ген. Орындаушыға істеген жұмысы үшін 294 млн теңге бөлінді. Ал қалған 84 млн теңге жоба 2023 жылы тағы уақтылы аяқталмағандық­тан, берілмей, бюджетке қайта­рыл­­ды. Сарап­тама кеңесі жобаға қа­тыс­­ты 126 ескерту енгізген. Бұл түйт­кілді тұстар жоғарыда айтқа­ным­дай, уақтылы түзетілмеген болып шықты", – деді Құрманбек Жұмағали.


Оқи отырыңыз: Жаңа жылға орай екі сыйақы. Ұлттық киноны қолдау орталығының басшысы жауап берді


Соған байланысты Ұлттық киноны қолдау орталығы "Қазақфильмді" сотқа берген. Құрманбек Жұмағалидің айтуынша, осыдан бір ай бұрын "Қазақфильм" басшысымен бірге сот шешімін орындау жөніндегі медиативті келісімге жасалған. 

"Қа­зақфильм" және жобаға жа­уапты ұжым жобаны өзара келі­сім арқылы аяқтап, "Алтын адам" анимация­лық филь­­м­ін про­катқа шығара­ды. Одан түс­кен таза табыстың ­20%-ы кино орта­лығына аударыл­са, қал­­ған 80%-ы "Қазақфильмнің" үле­­сінде қалады. Осылайша, "Қа­зақ­­фильм" бұл жо­ба­ның түсі­рі­лім тобы алдындағы берешегін өтейді. Ұлттық киноны қолдау орта­лығының бюджеті сіз бен біз­дің қаржымыздан құралған. Сон­дықтан әр тиынның сұрауы барын тағы бір ескеруіміз қажет. Мәселенің заң тұрғысынан ше­шіліп жатқаны да содан және біз орталық жобаларына қатыс­ты мұндай мәселелер барын жа­­сыр­маймыз. Мәселен, қазір өн­ді­рісінен шикілік шыққан 5 фильм бар. Олармен де мәселе заң аясында шешім табады", – деді Құрманбек Жұмағали.

Серіктестер жаңалықтары