USDUSD: 498.5 / 501.5
  • EUREUR: 539.0 / 545.0
  • RUBRUB: 5.69 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +3C
Все города

Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу барысында 197 ереже бұзушылық анықталған

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Жалпы 186 талапкер 130-дан жоғары балл жинады.

Қаңтар айында 164 мың адам ҰБТ тапсырып, 70,35%-ға жуық талапкер шекті балды жинаған. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Талапкерлердің 76,81%-ы қазақ тілінде, 23,14%-ы орыс тілінде, 89 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. 70,35%-ға жуық талапкер шекті балл жинады. Орташа балл 65,81 балл болды. Ең жоғары балл – 139. Жалпы 186 талапкер 130-дан жоғары балл жинады. 

Тестке қатысушылардың басым бөлігі "Математика-Физика" комбинацияларын таңдаған, атап айтқанда, 17,5%-ы тапсырды. "Биология-Химия" пәндерін 17,27%-ы таңдаған. Сонымен қатар бұл үштік қатарында талапкерлердің 10,29% таңдаған "Математика-Информатика" комбинациясы кірді. Ең аз таңдалған комбинация – "Химия-Физика", оны 197 адам тапсырған.

Ұлттық тестілеу орталығының ақпаратына мсәйкес, 2025 жылғы қаңтардағы ҰБТ қорытындысы бойынша талапкерлер "Оқу сауаттылығы" пәнін жоғары көрсеткіш көрсеттті. Орташа есеппен сұрақтардың 75,43%-ына дұрыс жауап берілген. Ал "Физиканы" тапсырғандардың тек 32,32%-ы тапсырманы дұрыс орындаған, олар үшін "Электромагниттік индукция" тақырыбы қиын болды.

ҰБТ барысында 197 ереже бұзу фактісі анықталған. Оның ішінде 101 талапкер смартфон және шпаргалка сияқты тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды, ал тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 96 адам шығарылды. Өзге тұлғалар анықталған жоқ.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары