Ұлттық банк Úki цифрлық инвестициялық монетасын халықаралық көрмеде таныстырды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Бұл монеталар Astana International Exchange биржасының Tabys мобильді қосымшасы арқылы сатылады.

Қазақстан Ұлттық банкі Берлинде өткен World Money Fair халықаралық ақша көрме-конференциясында ÚKI цифрлық инвестициялық монетасын таныстырды, деп хабарлады ҚР ҰБ баспасөз қызметі

Көрмеге қатысудағы негізгі мақсат – «ÚKI цифрлық инвестициялық монетасы» жобасын әлемдік деңгейде таныстыру, соның аясында оны іске қосу және жүзеге асыру ісіндегі негізгі ерекшеліктерді ұсыну.

Фото: ҚР Ұлттық банкі

Халықаралық сарапшылар жобаның инновациялық сипатын, қаржылық сауаттылыққа негізделген бағытын, сондай-ақ Қазақстан теңге сарайы шығарған ÚKI алтын инвестициялық монетасының сапасы мен эксклюзивті дизайнын жоғары бағалады. Монетаның новаторлық концепциясын Ұлттық Банктің дизайнерлері әзірлеп шықты.

Бұл монеталар Astana International Exchange биржасының Tabys мобильді қосымшасы арқылы сатылады. 


Оқи отырыңыз: "Валюталық интервенция жүргізуге дайынбыз". Ұлттық банк теңгенің долларға шаққандағы құлдырауын түсіндірді


 

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз