Тікелей эфир

Ұлттық банк аз ғана қарызы бар азаматтардың шотын бұғаттамау туралы ұсынысты қолдады

Енді бұл бастаманы Үкімет қолдаса – шектеу борышкердің бүкіл шотына емес, берешек сомасына ғана салынбақ.

Ұлттық Банк міндетті төлемдер: зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі бар қазақстандықтардың шотын толық бұғаттамауға қатысты депутаттардың ұсынысын қолдап отыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бұл бастаманы Үкімет мақұлдаса – әлеуметтік кодекске өзгертулер енгізіліп, шектеу борышкердің бүкіл шотына емес, берешек сомасына ғана салынбақ.

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары әлеуметтік төлемдер бойынша қарызы бар адамдардың шотын бұғаттауға қатысты мәселе көтерген еді. Олардың пікірінше, міндетті төлемдері кешіктірілген, не өтелмей қалған азаматтардың бүкіл шотын бұғаттап, қаржылық операцияларға шектеу қою дұрыс емес. Мұндай талап әрбір салық төлеушінің заңды құқығын бұзып отыр, сондықтан әлеуметтік төлемдер бойынша борышты өтеу кезінде "төлем талабы" тәсілі қолданылғаны дұрыс.


Оқи отырыңыз: Мерзімі өткен несиенің төлемін қалай азайтуға болады?


 

Серіктестер жаңалықтары