Көлік жүргізушілер бір ай не бір жылға абонемент рәсімдейді, болмаса әрбір сағат үшін төлем жасай алады.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен көлікпен жүру құнын белгіледі. Министрлік ұсынған бағаны Ашық НҚА порталында 17 сәуірге дейін талқылауға қатысуға болады.
Үлкен Алматы айналма автомобиль жолымен 1 сағат көлікпен жүру құны төмендегідей:
- Жеңіл көлік – 0,07 АЕК (2023 жылы – 241,5 теңге);
- 16 орындық автобус және 2,5 тонналық жүк көлігі – 0,12 АЕК (414 теңге);
- 32 орындық автобус және 5,5 тонналық жүк көлігі – 0,22 АЕК (759 теңге);
- 32 орындық автобус және 10 тонналық жүк көлігі – 0,36 АЕК (1242 теңге);
- Жүк көтергіштігі 10-15 тонналық жүк көлігі – 0,43 АЕК (1483,5 теңге);
- Жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк көлігі, оның ішінде тіркемесі бар, ершікті тартқыш – 0,72 АЕК (2484 теңге).
Оқи отырыңыз: Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы аяқталды. Абаттандыру жұмысы жүріп жатыр
1 айға арналған абонемент құны:
- Жеңіл көлік – 0,5 АЕК (1725 теңге);
- 16 орындық автобус және 2,5 тонналық жүк көлігі – 2,5 АЕК (8625 теңге);
- 32 орындық автобус және 5,5 тонналық жүк көлігі – 4 АЕК (13 800 теңге);
- 32 орындық автобус және 10 тонналық жүк көлігі – 5 АЕК (17250 теңге);
- Жүк көтергіштігі 10-15 тонналық жүк көлігі – 6,5 АЕК (22 425 теңге);
- Жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк көлігі, оның ішінде тіркемесі бар, ершікті тартқыш – 8,5 АЕК (29 325 теңге).
1 жылға арналған абонемент құны:
- Жеңіл көлік – 10 АЕК (34 500 теңге);
- 16 орындық автобус және 2,5 тонналық жүк көлігі – 30 АЕК (103 500 теңге);
- 32 орындық автобус және 5,5 тонналық жүк көлігі – 50 АЕК (172 500 теңге);
- 32 орындық автобус және 10 тонналық жүк көлігі – 60 АЕК (207 мың теңге);
- Жүк көтергіштігі 10-15 тонналық жүк көлігі – 80 АЕК (276 мың теңге);
- Жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк көлігі, оның ішінде тіркемесі бар, ершікті тартқыш – 100 АЕК (345 мың теңге).
"Абоненттік төлем Алматы облысының Қарасай, Іле, Талғар аудандарында тіркелген автокөлік құралдары үшін ресімделуі мүмкін" делінген құжат жобасында.
Оқи отырыңыз: Алматыда Тілендиев көшесі мен солтүстік айналма жолы Үлкен Алматы айналма жолына дейін ұзарады
Еске салайық, 2022 жылы желтоқсанда ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті Үлкен Алматы айналма жолының құрылысы аяқталғанын және оның 2023 жылдың екінші жартыжылдығында пайдалануға берілетінін хабарлаған болатын.
Сол уақытта Үлкен Алматы айналма жолымен жүрудің құны келесі мөлшерде болады деп болжанған еді:
- Жеңіл көліктер үшін – 200 теңге;
- Жүк көліктері үшін – 390 теңге.

Үлкен Алматы айналма автожолы 66 шақырымды құрайды. Ол Қырғауылды ауылынан басталып, Қызылқайрат ауылына дейін созылады. Алматы облысы бойынша Қарасай, Іле, Талғар аудандарындағы 14 елді мекенді қамтиды.
Автожолдың басым бөлігі 6 жолақтан тұрғанымен, кей тұсы 4 жолақты болады. Трассада рұқсат етілетін жылдамдық – сағатына 110-140 шақырым.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🛫 Демалыс күндері ұшақ билеті неге қымбат болады? Азаматтық авиация комитетінің жауабы
-
303
-
0
-
1
-
-
2🚴♂️ Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?
-
292
-
0
-
0
-
-
3💰"Бір тиын да алмадым". Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
-
293
-
1
-
1
-
-
4👪 1 маусымда Астанада балаларға арналған қандай мерекелік шаралар болады?
-
305
-
0
-
3
-
-
5🌎 Қазақстанда жеті мыңнан астам 5G станциясы орнатылады
-
310
-
0
-
2
-
-
6📝 ҰБТ-2023: Аппеляцияға өтініш беру тәртібі қандай?
-
330
-
1
-
1
-
-
7🏠 "Баратын жеріміз жоқ". Павлодарда апатты үй тұрғындары үйінді астында қалудан қорқып отыр
-
321
-
0
-
0
-
-
8🚫🏠 "Бес баламен сабылып жүрміз". Атырау облысында көпбалалы аналарға тиісті пәтерлер екі жылдан бері берілмеген
-
346
-
0
-
0
-
-
9🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
299
-
0
-
0
-
-
10🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
281
-
0
-
0
-