Үкімет Түркістан мен Жамбылдағы шегірткелермен күресу үшін бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлді

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Шегірткемен күресу үшін 443 техника мен 4 625 адам тартылады.

Үкімет Түркістан облысы мен Жамбыл облысындағы шегірткелермен күресу үшін республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі. 

Үкіметтің мәліметінше, премьер-министр Түркістан және Жамбыл облыстарында шегірткеге қарсы күрес шараларын күшейтуді тапсырған.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, қазір шегірткелер 2,1 миллион гектар аумаққа таралған.

"Зиянкестермен күресуге республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді. Шегірткемен күресу үшін 443 техника мен 4 625 адам тартылады. 12 мамырдағы жағдай бойынша Жамбыл және Түркістан облыстарында 396,6 мың гектар жерді шегірткеден тазарту керек", – деп хабарлайды үкімет.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары