Ашық НҚА порталында жарияланған қаулы жобасына сәйкес, енді Үкімет жоғары оқу орындарының бірінші басшысын тағайындай алмайды. Нақтырақ айтқанда, мұндай құқық "Білім туралы" заңында сақталады, дегенмен, Үкімет бірінші басшысын тағайындай алатын университеттер тізімі алынып тасталмақ.
Еске салайық, қазіргі таңда ҚР Үкіметі келесі 4 жоғары оқу орнының бірінші басшысын тағайындай алады:
- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы;
- Қазақ ұлттық өнер университеті;
- Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;
- Қазақ ұлттық хореография академиясы.
"Білім туралы" ҚР заңына сәйкес, аталған жоғары оқу орындарының басшысы өзге ЖОО секілді енді ел заңнамасында белгіленген тәртіппен тағайындалады.
Оқи отырыңыз: Талғат Нәрікбаев: Сапасыз маман даярлайтын университеттер бюджет ақшасын қайтаруы керек
Заңнама бойынша, тек Сот төрелігі академиясының, мемлекеттік басқару, құқық қорғау органдары академияларының, сондай-ақ Ұлттық қорғаныс университетінің бірінші басшыларын лауазымға тағайындау тәртібін ҚР президенті айқындайды.
Құжат жобасын жария талқылау мерзімі – 10 шілдеге дейін.