Үкімет бірыңғай уақыт белдеуінің халық өміріне әсері жайлы зерттеудің нәтижесін жариялады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Бірыңғай уақыт белдеуінің халық денсаулығына, энергия тұтыну және еңбек өнімділігінің әсеріне мониторинг жүргізілді.

Үкімет бірыңғай уақыт белдеуі енгізілгеннен кейін жүргізілген талдаудың нәтижесін жариялады.

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, уақыт белдеуінің өзгеруі алдымен халықтың денсаулығына, энергия тұтынуға, еңбек тиімділігіне, оқушылардың үлгеріміне, жол апаты көрсеткішіне, қылмысқа және басқа аспектілерге әсерін бағалау бойынша зерттеу әдістемесі бекітілді. 

"Бірыңғай уақыт белдеуінің халық денсаулығына, энергия тұтыну және еңбек өнімділігінің әсеріне мониторинг жүргізілді. Нақты деректерге негізделген нәтижелер уақыт белдеуінің өзгеруі халық өмірінің негізгі көрсеткіштеріне теріс әсер етпегенін айқындайды", – деді Арман Шаққалиев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Жергілікті жерде мәслихат депутаттары жұмыс кестесін ауыстыру арқылы жұмыс уақытын оңтайландырып жатыр. 

"Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай, Марқакөл, Үлкен Нарын, Зайсан, Тарбағатай, Самара және Күршім аудандарында жұмыс кестесі таңғы 8:00-ден кешкі 17:30-ға дейін өзгертілді. Бұл шаралар азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға, сонымен қатар кәсіби және жеке өмір арасындағы теңдікті жақсартуға бағытталған. Қажет болған жағдайда осындай тәжірибені жергілікті атқарушы органдар басқа өңірлерде де қолдануға мүмкіндігі бар", – деді министр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары