USD: 475.7 / 478.3
  • EUR: 539.0 / 544.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

"Үйін сағынған". Өскеменде әскери бөлімнен кетіп қалған сарбаз ұсталды

Фото: instagram / military_police_kz
Фото: instagram / military_police_kz
Әскери полиция мерзімді әскери қызметшіні ұстады.

Өскемен гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінен қызмет орнын өз еркімен тастап кеткен мерзімді әскери қызметші ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Қарулы күштері Әскери полициясы бас басқармасы хабарлайды.

Әскери полицияның мәліметінше, қатардағы Мархан А.Е. облыс орталығынан шамамен 20 шақырым жерден табылған. Ол әскери полиция бөліміне жеткізілген.

Ведомствоның хабарлауынша, сарбаздың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

"Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметшінің бөлімнен кетуіне үйін сағынуы себеп болған. Сондай-ақ тексеру барысында сарбаз командирлер немесе бірге қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілер тарапынан әлімжеттік пен қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану фактілері болмағанын мәлімдеген", – делінген хабарламада.

Қазір аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау