Прямой эфир Новости спорта

ҰБТ-2023: Талапкерлер тестілеуге қай пәндердің комбинациясын жиі таңдайды?

Биыл ҰБТ тапсыруға 166 мың талапкер өтініш білдірген.

Биыл ҰБТ тапсыруға өтініш берген талапкерлердің көбі бейіндік пән ретінде "Математика-Физика" комбинациясын таңдаған. Бұл туралы ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімедеді.

"Талапкерлер тестілеудің екі мүмкіндігі үшін бейіндік пәндердің бір ғана комбинациясын таңдай алады. Қазіргі таңда талапкерлердің 18 пайызы – "Математика-Физика", 17 пайызы – "Биология-Химия", 13 пайызы – "Шығармашылық", 10 пайызы "Математика-Информатик пәндерін таңдады. Жылдағыдай, ең аз таңдалатын комбинация – "Химия-Физика", оны тек 218 бала таңдаған", – деді орталық директоры.

Кесте: Ұлттық тестілеу орталығы

Оқи отырыңыз: ҰБТ тапсыру кезінде таңдау пәнін ауыстыруға бола ма?


Айта кетейік, биыл ҰБТ тапсыруға 166 мың талапкер өтініш білдірген.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары