Тікелей эфир

ҰБТ-2022: Әр үміткердің жеке тест нұсқасы болады

Руслан Емелбаев тестілеу кезіндегі ереже бұзушылар туралы айтып берді.

Наурызда ҰБТ тестілеуі кезінде ереже бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 259 адам шығарылып, олардың тест нәтижесі жойылды. Мұнымен қатар, ішкі тексеріс нәтижесінде 9 тест тапсырушының нәтижесі жойылып, үш маман қызметінен босатылды, деп мәлімдеді ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.

Орталық басшысының айтуынша, WhatsApp нөмірін ашық жариялағалы бері халықпен тығыз байланыс орнатқан. Тест тапсырушылардың өзі ереже бұзу туралы ақпаратты хабарлап отырады.

"Енді әр қатысушының өз тест нұсқасы болады. Егер тест тапсырушы тыйым салынған затпен кіруге талпынса немесе тестілеуде ұсталса, онда ол екінші мүмкіндігін қолдана алмайды. Ал дәл осындай жағдай екінші мүмкіндігі кезінде қайталанса, онда бірінші мүмкіндігінің нәтижесі жойылып, грант конкурсына қатыса алмайды. Екі мүмкіндікті пайдаланудың өз ережесі бар", – деді Руслан Емелбаев.


Оқи отырыңыз: 


Мұнымен қатар, ол ҰБТ алдында тест тапсыруға көмектесетінін айтатын алаяқтар көбейгенін ескертті. Осы орайда, ол түлектерді тәуекелге бармауға шақырды.

"Шыны керек, тестілеуді оңай тапсыру үшін кейбір тест тапсырушылар әртүрлі қулыққа баруға дайын. Бірақ, біздің жүйені ешкім алдай алмайды. Наурыз айында өткен ҰБТ-да тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан барлығы 259 адам шығарылып, олардың нәтижесі жойылды. Оның ішінде 9 тестіленуші тест сұрақтарын суретке түсіріп, оларды telegram арналарға таратқан. Бұл мәселені 2 ай бойы толығымен зерттеп, қызметтік тексеріс жүргіздік. Себебі сұрақ көп. Мысалы, тест тапсырмалары қалай тарады? Камералар неге ешнәрсе түсірмеген? Бақылаушылар қайда қараған? Ішкі тексерістің нәтижесінде 9 тест тапсырушының нәтижесі жойылып, 3 қызметші жұмыстан босатылды. Іс құзыретті органдарға жіберілді", – деді орталық директоры. 

Серіктестер жаңалықтары