Түзеу мекемелерінде сотталғандарға арналған заманауи терминалдар енгізіледі

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Сотталғандар FaceID арқылы өтініш беріп, туыстарымен бейнеқоңырау жасай алады.

Қазақстанда қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарға арналған жаңа буын электрондық терминалдар орнатылады. Бұл туралы ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мәлімдеді.

Уәкіл мен оның өңірлердегі өкілдері жүргізген тексеріс барысында түзеу мекемелеріндегі қолданыстағы электрондық терминалдардың дұрыс жұмыс істемейтіні, техникалық тұрғыдан ескіргені анықталған. Осыған байланысты Бас прокуратураға тиісті ұсынымдар жолданған.

Бас прокуратура өз кезегінде терминалдардың физикалық және моральдық тұрғыдан тозғанын растап, олардың жұмысында жүйелі мәселелер бар екенін хабарлады. Қадағалау органының мәліметінше, қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін кеңейтілген функционалы бар заманауи терминалдармен қайта жарақтандыру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Жаңа терминалдар арқылы сотталғандар FaceID жүйесі көмегімен мемлекеттік органдарға өтініштер мен арыз-шағымдар жолдай алады. Сонымен қатар, бейнеқоңырау арқылы туыстарымен байланыс орнату мүмкіндігі қарастырылған.

Қазіргі таңда аталған заманауи терминал Атбасар қаласындағы №1 түзеу мекемесінде сынақтан өтіп жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары