Бақыт Сұлтанов қанттың қазіргі құны кейбір өңірлерде әлеуметтік базарлардағы бағадан жоғары екенін айтты.
Тұрақтандыру қорларынан арзан қантты нарыққа шығарған әкімдіктер тұтынушыларды дүрліктіріп отыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтанда өткен брифингте премьер-министрдің орынбасары, Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты.
"Өңірлік әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар қантты өзіндік құнынан төмен бағамен сатқан. Мысалы, Павлодар облысында қантты 448 теңгеге сатып алып – 416 теңгеден, ал Қызылорда облысы 450 теңгеге сатып алып, 370 теңгеден сатқан. Алматы облысында қанттың бір келісін – 276 теңгеден, Ақтөбе облысында – 363 теңгеден, Маңғыстау облысында 400 теңгеден сатқан. Әкімдіктер тарапынан осы іс-әрекеттер дүрлікпе сұраныс пен әлеуметтік шиеленістің туындауына әкеп соқтыруда", – деді министр.
Министр қант бағасының көтерілуіне басқа да факторлар әсер еткенін атап өтті. 2020 жылдан бері қант шикізаты екі есеге жуық қымбаттаған, ал логистикалық шығындар 2,6 есеге өскен.
"Бүгінгі таңда зауыттар 1 килограмм қантты 450 теңгеге сатады. Бұл ретте 15% көтерме және бөлшек сауда үстемесін ескере отырып, қант құны шамамен келісіне 595-600 теңге болуы қажет", – деді ведомство басшысы.
Оқи отырыңыз: Президент сынынан кейін Қазақстандағы қант қызылшасы алқабы 60 мың гектарға дейін ұлғайтылмақ
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-