Тікелей эфир

Түркиядағы зілзаладан кейін Алматы тұрғындарының үштен бірі жер үйге көшуді қалайды

Алматы тұрғынлары жаңадан салынған үйлерден гөрі ескі үйлерді қауіпсіз деп есептейді.

Жаңа ғимараттарда тұратын алматылықтардың үштен бірінен астамы Түркияда болған оқиғаға байланысты көпқабатты пәтерден жер үйге көшкісі келеді, деп хабарлайды Olx.kz.

Olx онлайн хабарландыру қызметінің талдаушылары 2023 жылғы 6 ақпанда Түркияда болған жойқын жер сілкіністеріне байланысты Алматының тұрғын үй жылжымайтын мүлік нарығын зерттеді. Алматы тұрғындары арасында жүргізілген сауалнама жаңа ғимараттарда тұратындардың 35%-ы пәтерден жеке үйге көшу туралы ойластырғанын көрсетті.

Қала тұрғындарының жартысына жуығы жеке секторда тұрады. Пәтерлерде тұратындардың 70%-дан астамы ескі тұрғын үйлерге артықшылық береді.

Сауалнамаға қатысушылардың 29%-ы пәтерден жер үйге көшу туралы ойластырған. Жаңа ғимараттарда тұратындардың үлесі ескі үйлерде тұратындарға қарағанда көп.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда үйлер 7 балл жер сілкінісіне шыдай ма?


Соған қарамастан, Түркиядағы жер сілкінісінен кейін бастапқы тұрғын үйге бір шаршы метрдің орташа құны 520 мың теңгені құрады. Оған дейін 500 мың теңгені құрады. Ал қайталама тұрғын үй нарығында, керісінше, табиғи апатқа дейін бір шаршы метр 610 мың теңгені құрады. Зілзаладан кейін 600 мың теңгеге түсті.

Түркиядағы қайғылы оқиғалардан кейін Алматыда үй сатып алу туралы іздестіру сұрауларының саны – 18%-ға, жеке үйлерді сату туралы ұсыныстардың саны 11%-ға өсті. Ал бір шаршы метрдің құны қала бойынша орташа есеппен 300 мың теңгені құрап, 2%-ға өсті.  


Оқи отырыңыз: Алматыда жер сілкінісі кезінде халыққа көмек көрсететін 384 пункт құрылады


Сауалнамаға 4700-ден астам алматылық қатысты. Алматы қаласы бойынша 2023 жылғы 23 қаңтар-5 ақпан аралығын мен 6-19 ақпан аралығындағы деректер салыстырылды.

Серіктестер жаңалықтары