Шаңырақ берекесін тасытып, ұрпақ тәрбиесіндегі ер азаматтың орнын айшықтауға бағытталған "Әке бәрін жасай алады: Әке болу өнері" атты бірегей интерактивті жүздесу тұрақты түрде өтіп жатыр. Бастаманың негізгі мұраты – отбасындағы әке салмағын арттыру, перзент пен әке арасындағы ішкі бауырластықты нығайту, сондай-ақ бабалар салған сара жол мен заманауи психология ғылымын ұштастыру, деп хабарлайды Түркістан қалалық Отбасын қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Кездесу бұрынғыдай ресми баяндама түрінде емес, еркін пікірталас пен практика-жаттығулар форматында өріс алуда. Орталықтың психологтары Гүлмира Исаева мен Нұрболған Әбу қатысушыларға бала психологиясының қыр-сырын саралап, дағдарыс сәттерінде өзара тіл табысудың тиімді жолдарын көрсетіп жатыр. Сондай-ақ шараға келген азаматтар арнайы сауалнамадан өтіп, тәрбие төңірегіндегі өмірлік тәжірибелерін бөлісті.
"Біз әке тәрбиесінің абстрактілі ұғым емес, бала болашағын айқындайтын нақты фактор екенін түсіндіріп жатырмыз. Оксфорд университеті жүргізген ұзақ мерзімді зерттеулерге сүйенсек, бала кезінен әкесімен тығыз, сапалы араласқан өрендердің зеректігі мен танымдық қабілеті жоғары болады әрі мектеп жасында күйзеліске бой алдырмайды. Ал Гарвард ғалымдары әке мейірімін көріп өскен балаларда эмоционалды интеллекттің өзгелерге қарағанда әлдеқайда басым қалыптасатынын дәлелдейді. Тәжірибеде біз "Арнайы 15 минут" мен "Эмоционалды айна" методикаларын кеңінен қолданамыз. "Арнайы 15 минут" тәсілі: Әке күн сайын смартфон мен жұмысты ысырып қойып, толықтай баланың ырқына 15 минут бөледі. Бастапқыда бұған уақыт таппай қиналған азаматтар арада 2-3 апта өткенде баланың ашушаңдығы басылып, тіл алғыш бола бастағанын байқаған. Сондай-ақ, 15 минут деген шектеу қоймаймыз, бастысы уақытты сапалы өткізу. Ал "эмоционалды айна" техникасы арқылы әке баланың көңіл-күйін тыймай, "сен қазір ашуланып тұрсың, мен сені түсінемін" деп қабылдауды үйренеді. Бұл екі тәсілді жүйелі қолданған отбасыларда әке мен бала арасындағы ішкі сенім 70 пайызға дейін артып, үйдегі араздық пен түсініспеушілік едәуір азаяды", – деді психолог Гүлмира Исаева.
Психолог мамандар отбасындағы әкенің міндеті тек үйді қаржылай қамтамасыз етумен шектелмейтінін баса айтады. Бүгінгінің әкесі – баланың ішкі әлемін ұғатын, өмірдегі сенімді қорғаны әрі демеушісі.
"Қоғамда "әке – тек ошақ асыраушысы" деген ескі түсінік әлі де кездеседі. Алайда заманауи нейробиология бұл тұжырымды толықтай теріске шығарады. Ғылыми деректерге сүйенсек, әкесімен бірге ойнап, физикалық байланыста (құшақтау, күресу, спортпен айналысу – психолог түсіндірмесі) болған балалардың миында окситоцин мен гормоналды деңгей реттеліп, өзін-өзі бақылау қабілеті артады. Зерттеулер мұндай балалардың жасөспірім шақта қауіпті әрекеттерге аз баратынын көрсетеді. Өз жұмысымызда біз "Қауіпсіз шекара және диалог" пен "Ортақ іс арқылы байланысу" сияқты арт-терапиялық және когнитивті-мінез-құлықтық тәсілдерді қолданамыз. "Ортақ іс арқылы байланысу": Әкелерге құр сөзбен айтқанша, баламен бірге ортақ іс атқару – конструктор құрау, ағаштан бұйым түйіндеу, сурет салу тапсырылады. Ал "Қауіпсіз шекара" техникасы кезінде тәрбиеде ұрыс-керіссіз, ұрып-соғусыз, бірақ айқын ережелерді қою алгоритмі үйретіледі. Мұндай тәсілдерді енгізгеннен кейін тренингке қатысқан әкелердің 80 пайыздан астамы баламен ашық диалогқа шығуды үйреніп, "жазалаусыз тәрбие" моделіне көше алды. Ең басты нәтиже – отбасындағы суықтық жойылып, әке мен бала арасында достық көпірі орнайды", – деп түсіндірді психолог Нұрболған Әбу.
Түркістан қалалық Отбасын қолдау орталығының директоры Мария Сартайқызының айтуынша, аталған жүздесу – шаһарда жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқан ауқымды бастамалардың бірі. Түркістан қалалық Отбасын қолдау орталығы қоғамдағы психологиялық ахуалды жақсарту, ана мен баланы қорғау және гендерлік теңдікті ілгерілету бағытында белсенді жұмыс істеп келеді.
"Біздің басты межеміз – қоғамның өзегі саналатын отбасы институтын сауықтыру. Осы мақсатта тұрғындар арасында "Отбасы негізі – қолдау мен сенім", "Отбасындағы қауіпсіздік және өзара құрмет", "Адал ата-ана – жауапты жасөспірім" сияқты тәрбиелік маңызы терең кездесулер тұрақты ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, ұлттық дәстүрді заманауи тәрбиемен ұштастырған "Жазалаусыз тәрбие" практикумы мен әйелдердің ішкі әлеуетін ашуға арналған "Әйел әлеуеті – отбасы қуаты" жобалары тұрғындар тарапынан жоғары баға алуда. Шаралармен қатар, отбасы татулығы мен қауіпсіздігіне бағытталған "Қауіпсіз отбасы – бақытты отбасы" және "Бақытты шаңырақтың 50 құпиясы" атты арнайы әдістемелік брошюраларды халыққа таратып жатырмыз", – деді орталық жетекшісі Мария Сартайқызы.
Оқи отырыңыз: Әкесіз қоғам: Қазіргі бала тәрбиесіне не жетіспейді?
Орталық өкілдерінің хабарлауынша, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, заңнамалық және психологиялық сауаттылықты арттыруға бағытталған мұндай кездесулер алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылады.