10 литр су беріп, 50 литр судың ақшасын жазып әкеледі, дейді диқандар.
Түркістан облысы Жүйнек ауылында диқандар еккен бидай мен жүгеріге келетін ағын су толық тоқтағанын айтып дабыл қақты. Айтуларынша, "Коммуна-Ораңғай" арығынан егістікке су жіберетін маман ауыл әкімімен ымыраласқандарға су беріп, жақтырмағандарды тіршілік нәрінен қағып отыр, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасы.
"10 литр су беріп, 50 литр судың ақшасын жазып әкеледі. Жуас адамдарға ол да жоқ. Кей адам екі-үш рет алады. Ал өзгелері бір мәрте де су іше алмайды", – деді Жүйнек ауылының тұрғыны Әбжаппар Әбду-Уахаб.
"Көз қысты, бармақ басты" қылып өзімен-өзі су алып, қалаған адамына беріп, қаламаған адамына бермейді. Бірден су жоқ деді. Азанда түс көргендей болды. Суды өшіріп тастады", – деді Жүйнек ауылының тұрғыны Нұрбол Өтешов.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы 63 шаруашылықта үлескерлердің құқығымен байланысты проблема бар
Ауыл әкімдігінде суға жауапты маман сұхбат бермеді. Әкім суға жауапты маманды халықтың өзі сайлайтынын айтты. "Суды тек кей азаматқа береді" дегенді жоққа шығарды. Айтуынша, су реті мен кезегіне қарай барлық диқанға беріледі. Ал шу шығарғандардың түпкі мақсаты суға жауапты маманды ауыстыру болуы мүмкін, дейді.
"Шаруалар 200 гектардай суармалы жерге су жетпегендіктен наразы. Себебі қазір су тарататын "Тұран-Су" мекемесі 10 күнге су жіберуді тоқтатты. Су деңгейі тоғаннан төмендегендіктен, су жинау жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деді Жүйнек ауылының әкімі Жолдас Мырзабеков.
Тауға қардың аз түсуі себебінен қоймаларға да су аз келіп жатыр. 10 күнде су қайта берілсе, су ішпеген егістіктерге жеткізуді қадағалаймыз, деді әкімдіктегілер.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
289
-
0
-
0
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
253
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
264
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
254
-
0
-
2
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
260
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
221
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
210
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
213
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
209
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
219
-
0
-
0
-