USD: 485.1 / 487.7
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 5.93 / 6.07
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Түркістан облысындағы үйін су басқан тұрғындарға өтемақы төленеді

Жергілікті әкімдік өкілдері қираған ғимараттарды жөндеуге көмектесетінін айтты.

Табиғи апаттан зиян шекен Қазығұрт, Сарыағаш аудандары мен Кентау тұрғындарына өтемақы төленеді. Қаржы арнайы комиссия шешімімен облыстық бюджеттен бөлінеді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Әкімдік мәліметінше, қазір арнайы комиссия тұрғындар шығынының көлемін есептер жатыр. 

"Ережеге сәйкес, есеп жүргізу аяқталған соң үй жануарларының шығыны өтеледі. Тұрғын үйлер қалпына келтіріліп, ғимараттар мен тұрғын үйлер шатыры мен шаруашылық ғимараттарын жөндеуге көмек көрсетіледі", – делінген баспасөз хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Павлодарға қоныстанған қандастар Моңғолия мен Өзбекстанға кері қайтпақ


Еске салсақ, 24 сәуір күні Түркістан облысы Қазығұрт, Сарыағаш аудандары мен Кентау қаласын су басып, 50 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Алдын ала есепке сәйкес, 53 үйдің ауласы, 19 үй, 16 ғимарат пен бір мейрамханаға су кірген. Мұнымен қатар, 370 бас мал шығыны тіркелген. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз