Тікелей эфир

Павлодарға қоныстанған қандастар Моңғолия мен Өзбекстанға кері қайтпақ

Оған себеп – жалға берілген үйлерін жекешелендірудегі кедергілер.

6 жыл бұрын Павлодар іргесіндегі Ленин кентіне қоныстанған қандастар жалға берілген пәтерлерін жекешелендіре алмай отыр. Айтуларынша, қоныс аударар кезде жергілікті билік өкілдері "бұл үйлерді басында жалдап тұрасыздар, кейін өз аттарыңызға аударуға көмектесеміз" деп уәде берген екен.

31 арнаның Информбюро бағдарламасына шағымданған қандастар мәселе шешілмесе, Моңғолия мен Өзбекстанға кері қайтатындарын айтып отыр. 

"Жекешелендіру үшін 6 миллиондай ақша сұрап отыр. Біз Үкіметке салмақ салмай-ақ қоялық, бізге, пәтерлерді жеңілдетілген тәртіппен беруін сұраймыз", – деді Ленин кентінің тұрғыны Айбын Құрман. 

2013 жылы Ленин кентінде қандастарға арналып "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасымен жалпы саны 60 үй салынған. Содан кейін 4 жыл қаңырап бос тұрған үйлерге 2017 жылы "Сыртқы көш" бағдарламасымен басқа қандастар қоныстанған. Олардың біразы үйлерге жөндеу жүргізіп, қосалқы қора-қопсы салып үлгерген. 


Оқи отырыңыз: 


Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Аманбек Ұнатұлының айтынша, "қандастарға кейін үй тегін беріледі" деген сөздің шындыққа жанаспайтынын айтады. Ол бұл үйлерді жекешелендру тәртібін түсіндіріп берді. 

"Үйде кемі бес жыл тұрғаннан кейін оны жекешелендіріп алуға болады. Ол үшін 30 пайыз көлемінде алғашқы жарна құятын болса, 70 пайызын ешқандай пайызсыз 10 жылда төлеуге мүмкіндік бар", – деді Аманбек Ұнатұлы. 

Серіктестер жаңалықтары