Тікелей эфир

Түркістан облысында Сырдарияға батқан оныншы адамның денесі табылды

Суға батып кеткен соңғы адамның денесі іздестірілуде.

21 тамызда құтқарушылар Түркістан облысында 10 туысымен бірге суға батып кеткен баланың денесін тапты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

Баланың денесі оқиға орнынан 15 шақырым жерден табылды. Туыстарымен бірге суға батқан соңғы адам – кәмелетке толмаған қызды іздеу жұмыстары жалғасуда.

Іздеу жұмыстарына құтқарушылар мен полицейлерді қосқанда 139 адам жұмылдырылды. Аумақты жоғарыдан қарау үшін екі дрон қолданылуда.

Қайғылы оқиға 21 тамыз күні сағат 17.40 шамасында Отырар ауданы, Көксарай ауылынан 3 шақырымдық жерде болған. Қайғылы оқиға төрт отбасының 20 мүшесі Сырдария өзенінің маңында демалуға барғанда болған.

Рұқсат етілмеген жерде суға түсу салдарынан 11 демалушы суға батып кетті, оның сегізі – бала.


Оқи отырыңыз: Түркістан облысындағы қайғылы оқиға: құтқарушылар суға батқан тағы бір ересек адамның денесін тапты.


 

Серіктестер жаңалықтары