Тікелей эфир

Түркістан облысындағы қайғылы оқиға: құтқарушылар суға батқан тағы бір ересек адамның денесін тапты

Суға батқан екі баланың денесін іздеу жұмыстары жалғасуда.

21 тамыз күні сағат 17:40-та Түркістан облысы Отырар ауданындағы Көксарай ауылынан 3 шақырымдық жерде, Сырдария өзенінде шомылуға рұқсат етілмеген жерде шомылу кезінде 11 адам суға батып кетті. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

"Қазіргі уақытта суға батқан 11 адамның ішінде тоғызының: 3 әйелдің және кәмелетке толмаған 6баланың денесі табылып, судан шығарылды. Кәмелетке толмаған тағы 2 баланың денесін іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Белгілі болғандай, суға түсуге 20 адамнан тұратын 4 отбасы барған", – деп жазылған хабарламада.

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті басшылығы оқиға орнында жағдайды бақылауда ұстауда.

Іздеу жұмыстарына барлығы 150 адам, 18 бірлік техника, 2 дрон және 6 жүзу құралы, оның ішінде ТЖД Жедел құтқару жасағынан 13 құтқарушы, 3 жүзу құралы және 3 техника, Шымкент қ. ТЖД Жедел құтқару жасағынан 6 құтқарушы, 1 жүзу құралы және 1 техника, Түркістан облысы ТЖД 50 адам, 2 дрон, 5 техника, ЖАО-дан 4 адам, 1 жүзу құралы, Полиция департаментінен 71 адам, 1 жүзу құралы және 7 техника, "103" қызметінен 6 адам және 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқиғанын мән-жайын Түркістан облысының Полиция департаменті анықтауда.


Оқи отырыңыз: Түркістан облысы әкімдігі: Сырдарияға батқан марқұм азаматтардың отбасына тиісті көмек көрсетіледі.


 

Серіктестер жаңалықтары