USD: 470.9 / 473.7
  • EUR: 548.0 / 553.0
  • RUB: 6.35 / 6.47
Тікелей эфир
Алматы +19C
Все города

Түркістан облысында көлігімен екі баланы қаққан әйелдің мас күйде болғаны анықталды

Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Ол бұл оқиғаға дейін жауапқа тартылмаған. Қазір іс Сайрам аудандық сотына жолданған.

Түркістан облысының Ақсукент ауылында бір сағат ішінде екі баланы көлікпен қаққан әйелдің мас күйде болғаны расталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Информбюроның сауалына берген жауабында айтылған. 

"Психикалық белсенді зат пайдалану жəне мас болу фактісін анықтау үшін медициналық куəландырудың қортындысына сәйкес  алкогольдік масаң күйдің "жеңіл" дəрежесі анықталған. Азаматша бұған дейін ҚР ӘҚБтК-нің баптарымен жауапқа тартылмаған. Аталған тұлғаның "В" санатты  жүргізуші куәлігі  болған. Тіркелген факті бойынша тиісті процессуалдық шешімдер қабылданып, іс тергеу реттілігімен Сайрам аудандық сотына жолданды", – делінген ресми жауапта.

Еске салайық, ақпанның соңында Түркістан облысының Ақсукент ауылында көлік жүргізуші әйел бір баланы қағып кетіп, алайда тоқтамастан бой тасалауға әрекет етеді. Бірақ, жолда тағы бір мектеп оқушысын қағып кетеді. 

Зардап шеккен балалар ауруханаға жеткізілгенімен, тексеруден кейін үйіне қайтарылған. 

Ал көлік жүргізуші әйел ұсталып қамауға алынды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз