USD: 468.1 / 470.9
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Қытайдан көлік алған қазақстандықтардың шоттары аяқасты бұғаттала бастады

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Мемлекеттік кірістер департаменті көлік иелеріне түсініктеме берді.

Қытайдан көлік әкелген қазақстандықтар күтпеген жерден қомақты қарызға тап болғанын айтып шағымдануда. Тұрғындардың сөзінше, заңды түрде рәсімделіп, кедендік тексерістен өткен көліктер үшін кейіннен миллион теңгеге жуық қосымша төлем талап етілген, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Алматы тұрғыны Нариман Сәндібектің айтуынша, ол былтыр Қытайдан BYD Destroyer 05 маркалы көлікті шамамен 7,5 миллион теңгеге сатып алған. Көлік толық кедендік рәсімдеуден өтіп, мемлекеттік тіркеуге қойылған. Алайда бір жылдан кейін оның есепшоты бұғатталған.

Тұрғындардың айтуынша, ел бойынша осындай жағдайға тап болғандар саны шамамен 5 мың адамға жетеді. Олар көліктерді жеңілдетілген кедендік рәсіммен өткізгенін және барлық қажетті құжаттарды тапсырғанын айтады.

Жүргізушілердің сөзінше, көлікке қатысты құжаттар арнайы мамандар арқылы тексеріліп, кейін кедендік рәсімдеу нөлдік баж мөлшерлемесімен жүргізілген.

Ал Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өкілдері үш жыл ішінде жүргізілген кедендік бақылау барысында заңбұзушылық белгілері анықталғанын мәлімдеді.

Ведомствоның түсіндіруінше, кейбір көліктерге кедендік баж салығы салынбайтын тауар коды қолданылған. Соның салдарынан азаматтарға кейіннен қосымша төлем есептелген.

Алайда көлік иелері жеңілдік бастапқыда ресми түрде мақұлданғанын айтып, бұғатталған шоттарды ашуды және қарыздарды жоюды талап етіп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз