Түркістан облысында 152 шетелдік Қазақстан аумағынан шығарылды

Көші-қон саласы бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды.

Биыл Түркістан облысы бойынша 1974 жылғы КСРО толқұжатымен жүрген 5 адам және туу туралы куәлікпен жүрген 18 жастан асқан 20 азаматқа құжат берілді, деп мәлімдеді облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасы басшысының орынбасары Әуезбек Мырзабаев. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды. 

Сондай-ақ, полиция қызметі бөліністерімен бірлесіп пәтерлер мен аулаларды аралау жұмыстары ұйымдастырылды.

"Аталған науқан нәтижесінде жарамайтын құжатпен жүрген 766 жеке тұлға анықталды. Қазір олардың кім екенін анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнымен қатар, осы іс-шара барысында көші-қон заңдылығын бұзған 1 985 шетелдік пен ҚР азаматы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 1395-і ––шетелдік, 590-ы – Қазақстан азаматы. Осы құқық бұзушылардың 32-сі арнайы мекемеге орналастырылды және 152 шетелдік сот шешімімен ел аумағынан шығарылды. Тағы 155  шетелдіктің Қазақстанда болу мерзімі қысқартылды", – деді Әуезбек Мырзабаев.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда шетелдік азаматтар негізінен ұрлық, алаяқтық, бұзақылық қылмыстарымен ұсталады 


Сондай-ақ, шетел азаматын заңсыз тұрғын-үймен қамтамасыз еткен – 520, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 70 ҚР азаматы анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 518 және 519-баптарының талаптарын бұзғаны үшін жауапкершіліктер қаралды.

"Көші-қон саласы бойынша 2 қылмыстық іс қозғалды. Оның бірі – мемлекеттік шекараны заңсыз өту дәйегімен, ал екіншісі заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша", – деп атап өтті полиция өкілі. 


Оқи отырыңыз: Қазақстандық ЖОО-лар шетелде қазақ тілін оқыту орталықтарын ашты 


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары