Тікелей эфир

Қазақстанда шетелдік азаматтар негізінен ұрлық, алаяқтық, бұзақылық қылмыстарымен ұсталады

605 шетелдік азамат жеке меншікке қатысты қылмыстар бойынша қамауға алынды.

Осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда жүрген 1,2 шетелдік құқық бұзды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,1% аз, деп хабарлайды Ranking.kz сайты. 

ТМД елдерінен келген азаматтар ішінде мұндай қылмыс түрі бір жылда – 19,8%, 1,1 мың адамға дейін азайды. Ал керісінше ТМД құрамына кірмейтін елдерден келген азаматтар арасында – 12,5%,135 адамға дейін көбейді.

2020 жылдың осы кезеңінде шетелдік құқық бұзушылар саны 1,5 мың адамға жеткен еді, бір жылда 24,1% азайған. Олардың ішінде 1,3 мыңы – ТМД азаматтары және 120 адам одаққа кірмейді.

Өңірлер бойынша ТМД-дан келген:

  • Алматы – 162 адам, 29,6% аз;
  • Алматы облысы – 126 адам;
  • Жамбыл облысында – 121 адам құқық бұзды.  

Ал ТМД құрамына кірмейтін елдерден келгендер бойынша:

  • Алматы – 28 адам;
  • Алматы облысы – 26 адам;
  • Маңғыстау облысында – 19 адам құқық бұзды.

Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан өңірлерінде ТМД-ға кірмейтін елдерден келген бірде бір азамат құқық бұзбады.

605 шетелдік азамат жеке меншікке қатысты қылмыстар бойынша қамауға алынды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 25,2% аз. Негізінен ұрлық, алаяқтық, ұсақ бұзақылық, тонау, көлік құралын ұрлау немесе заңсыз тартып алу сынды қылмыстармен ұсталған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары