Turkish Airlines алматылық спортшыларға әуе билеттеріне жеңілдік ұсынды

Фото: Turkish Airlines
Фото: Turkish Airlines
Спорттық жабдықтарға қосымша тегін багаж ұсынылады.

Алматы қаласының Спорт басқармасы мен Turkish Airlines әуекомпаниясы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

Спорт басқармасының мәліметінше, келісім халықаралық жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарына қатысатын алматылық спортшылар мен құрама командалардың жол жүру жағдайын жақсартуға бағытталған.

Құжат аясында Алматы қаласының спортшыларына әуе тасымалы бойынша арнайы тарифтер ұсынылады. Бастама қала әкімінің бюджеттік шығыстарды оңтайландыру және спортшыларға халықаралық додаларға сапалы дайындалуға қолайлы жағдай жасау жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып отыр.

Бюджет үнемдеу және спортшыларға жайлы жағдай

Ынтымақтастық шеңберінде:

  • әуе билеттеріне арнайы жеңілдіктер қарастырылады;
  • спорттық жабдықтарға қосымша тегін багаж ұсынылады;
  • билеттерді қайтару мен айырбастаудың икемді шарттары енгізіледі;
  • қызмет көрсету мен ұшу қауіпсіздігінің жоғары стандарттары сақталады.

Арнайы тарифтер халықаралық жарыстарға қатысатын спортшылардың жол шығынын азайтып, бюджет жүктемесін төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар командалар үшін қолайлы әрі тиімді ұшу шарттары қамтамасыз етіледі.

Халықаралық бағыттар мүмкіндігі

Turkish Airlines – әлемнің 159 бағытын қамтитын кең маршруттық желісі бар жетекші әуекомпаниялардың бірі. Бұл әсіресе әлем чемпионаттары, Әлем кубогы кезеңдері және Еуропа мен Азия елдеріндегі халықаралық турнирлерге тұрақты қатысатын алматылық спортшылар үшін маңызды.

Мамандардың айтуынша, мұндай бастамалар спортшыларды халықаралық деңгейдегі жарыстарға жүйелі әрі сапалы даярлауға ықпал етіп, Алматының еліміздегі жетекші спорт орталығы ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз