XIV қысқы Паралимпиадаға Қазақстан атынан 7 спортшы барады

Фото: Ұлттық Паралимпиада комитеті
Фото: Ұлттық Паралимпиада комитеті
Қазақстан пара шаңғы мен пара биатлонда ел намысын қорғайды.

2026 жылғы 6–15 наурыз аралығында Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XIV қысқы Паралимпия ойындары өтеді, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі. 

Министрліктің мәліметінше, биылғы жарыста 79 медаль жиынтығы сарапқа салынып, әлемнің 600-ден астам спортшысы қатысады. Ойындар бағдарламасына пара сноуборд, пара хоккей, тау шаңғысы, арбадағы керлинг, пара биатлон және пара шаңғы жарысы енгізілген.

"Қазақстан құрамасы пара шаңғы және пара биатлон бойынша бақ сынайды. Ұлттық құрама сапында Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Юрий Березин, Анна Грачёва, Нұрлан Әлімұлы және Владислав Кобаль бар", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қазақстандық спортшылар Санкт-Мориц қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

Паралимпия ойындарының ашылу салтанаты 6 наурыз күні Верона Олимпиадалық аренасында өтеді.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз