Түркияның батысындағы Кютахья қаласында магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Түркияның Апаттар және төтенше жағдайларды басқару басқармасы (AFAD) мәлімдеді.
Ақпарат бойынша, жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 07:23-те (Қазақстан уақытымен 09:23) қаланың батысындағы Симав ауданында тіркелген.
"Жер сілкінісінің ошағы 8,81 км тереңдікте орналасқан. Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Түркияның солтүстік-батысында 6,2 балдық жер сілкінісі болып, кем дегенде 236 адам зардап шеккенін жаздық.
USD:
461.9 / 464.5
EUR:
542.5 / 547.5
RUB:
5.95 / 6.07