USD: 468.3 / 471.3
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.73 / 5.85
Тікелей эфир
Алматы +34C
Все города

Түркияда Қазақстан азаматын өлтіруге тапсырыс бергендер ұсталды

Видео скрині
Видео скрині
Қазақстан, Түркия және Грузия полициясы трансұлттық қылмыстық топқа қарсы арнайы операция жүргізді.

Қазақстан, Түркия және Грузияның құқық қорғау органдары трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қарсы бірлескен арнайы операция жүргізді. Оның нәтижесінде бірнеше күдікті ұсталып, Қазақстан аумағында жасалған ауыр қылмыстардың беті ашылды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі

ІІМ мәліметінше, халықаралық ынтымақтастық Қазақстан Ішкі істер министрі бастаған делегациялардың Түркия, Грузия және Әзербайжанға жасаған жұмыс сапарларынан кейін жандана түскен.

Тергеу барысында Ыстанбұлда Қазақстан азаматы Исмаиловтың қарумен атылып өлтірілу ісі қысқа мерзімде ашылған. Үш елдің полиция қызметкерлерінің бірлескен жұмысының нәтижесінде қылмысқа қатысы бар екі адам ұсталды.

"Құқық қорғау органдары кісі өлтірудің себебін анықтап, оны ұйымдастырды және тапсырыс берді деген күдікке ілінген адамдардың трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық ортаның өкілдері екенін мәлімдеді. Олар халықаралық іздеуде жүрген. Алынған ақпарат Қазақстан Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне осы қылмыстық топтың елімізде жасаған өзге де ауыр қылмыстарын ашуға мүмкіндік берген. Аталған топты АҚШ-та журналисті өлтіруге оқталу дерегі бойынша сотталған қылмыс әлемінің беделді өкілі басқарған", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар Алматыда 2025 жылдың тамызында қала тұрғынын өлтіруге оқталған ұйымдасқан қылмыстық топтың киллерлерінің бірі ұсталды. Одан қылмыс қаруы ретінде қолданылған тапанша тәркіленген. Бұл іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, материалдар сотқа жолданды.

ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыстың айтуынша, Қазақстан, Түркия және Грузияның құқық қорғау органдары үш елдің аумағында кезең-кезеңімен арнайы операция өткізген.

"Алматыда аталған қылмыстық құрылымның мүшелері ұсталды. Оларға қару қолдану арқылы жасалған бірнеше шабуылға қатысы бар деген айып тағылып жатыр", – деді ол.

Тергеу мәліметінше, қылмыстық топ диаспора өкілдерінің бизнесіне ықпал ету үшін қылмыстық идеология элементтерін пайдаланған. Сондай-ақ Грузия аумағында да трансұлттық қылмыстық құрылыммен байланысы бар және бірнеше ауыр қылмысқа қатысы бар күдіктілер ұсталған.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары белгілі болған барлық қылмыстық эпизодтар бойынша дәлелдемелерді жинауды жалғастырып жатыр. Сонымен қатар топтың ұйымдастырушысын қылмыстық жауапкершілікке тарту бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау