Түркі мемлекеттері ұйымының жанынан құрылған Түркі әлеміне ортақ әліпби комиссиясы 34 әріптен тұратын әліпби нұсқасын мақұлдады, деп хабарлады Trt haber.
Мұндай шешім Түркі академиясы мен Түрік тілі институты бірлесіп өткізген Түркі әлемі ортақ әліпби комиссиясының 3-ші отырысында қабылданған.
Комиссияның мәлімдеуінше, отырыста 34 әріптен тұратын ортақ түрік әліпбиі туралы ұсыныс бойынша келісімге қол жеткізілген. Әліпби жасауда 1991 жылы әзірленген әліпби нұсқасын қарап, қажетті өзгерістер енгізілген.
"Бұл әліпби түркі халықтар арасындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтады. Ортақ әліпбидің дамуы түркі халықтардың тіл мұрасын сақтай отырып, оны дамытады", – делінген мәлімдемеде.
Түркі әлеміне ортақ әліпбидің қабылданған нұсқасы әзірге жарияланған жоқ.
Еске салайық, ортақ түркі әліпбиі алғаш 1991 жылы қабылданып, ол Өзбекстан, Әзербайжан және Түркіменстанда енгізілгенімен, кейін Әзербайжаннан басқа елдер бұл әліпбиден бас тартқан болатын.
Оқи отырыңыз:
- Түркі елдеріне ортақ әліпби: Қазақстан ғалымдары бұған не дейді?
- Түркі елдеріне ортақ әліпби әзірлеу жөніндегі комиссия құрылды