Тікелей эфир

Туризм комитеті қажылыққа барушыларға ресми туроператорлар қызметін пайдалануға кеңес берді

Кей туристер Мекке мен Медина қаласында қиын жағдайға тап болған.

Туристердің ресми тіркелмеген туркомпанияларға қатысты шағымы көбейген. Кей туристер Мекке мен Медина қаласында қиын жағдайға тап болған. Осыған байланысты Мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитеті қажылыққа барушыларға ресми туроператорлардың қызметін пайдалануға кеңес берді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

"Мысалы, туризм индустриясы комитетіне "Kausar travel" туристік компаниясына қатысты шағымдар түсті. Бұл ретте компанияның туроператорлық қызметіне лицензиясы жоқ. Компания туристік агенттік ретінде тіркелген, сәйкесінше туроператорлық қызметпен айналысуға құқығы жоқ. Сондықтан біз туристердің мүддесін қорғау және қажетті шараларды қабылдау үшін Ішкі істер министрлігіне және Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетіне хат жібердік. Сондай-ақ, туристерді туроператорлардан лицензияның бар екендігін растайтын құжаттарды сұрауға шақырамыз", – деді туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков. 


Оқи отырыңыз: Қажылық та, қаржы да жоқ: Алматыда туркомпания 20 адамның 60 млн теңгесін қайтармай отыр


Жыл сайын діни бірлестік пен қабылдаушы ел туроператорлық қызмет туралы келісім жасайды. Сондай-ақ діни туризм операторларында екінші деңгейлі банкпен азаматтардың құқығына кепілдік беру жүйесі әкімшісінің пайдасына жасалған шарт болуы қажет. 

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары