Тікелей эфир

Түрікменстанда тұратын мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алуға өтінім берді

Оларды солтүстік облыстарға қоныстандыру жоспарланған.

Түрікменстанда тұратын мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алуға өтінім берді. Бұл туралы "Отандастар қорының" президенті Абзал Сапарбекұлы мәлімдеді, деп жазды ҚазАқпарат.

Қор басшысының айтуынша, оларды Қазақстанның солтүстік облыстарына қоныстандыру мәселесі қаралып жатыр. 

"Көпшілігі Батыс Қазақстан аумағында қалғысы келеді, солтүскке көшкісі келмейді. Мұндағы негізгі міндет жергілікті атқарушы органдардың үлесінде. Еңбек министрлігі, Ішкі істер министрлігі оларды құжаттандыру мәселесімен айналысса, нақты материалдық көмек, жұмыспен, баспанамен қамту жұмыстары жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады", – деді Абзал Сапарбекұлы.


Оқи отырыңыз: Қандас мәртебесін алу үшін мобильді қосымша арқылы өтініш беруге болады


Сонымен қатар қор басшысы Моңғолиядан 185 отбасын көшіру жоспарланып отырғанын айтты. Жыл басынан бері ол жақтан 15 отбасы көшіп келген.

Серіктестер жаңалықтары