Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі этникалық қазақтарға қандас мәртебесін берудің ережесінің жобасын әзірлеп, жария талқыға ұсынды.
Онда этникалық қазақтарға қандас мәртебесін алу үшін "Құтты мекен" ақпараттық жүйесінің жанынан әзірленген мобильді қосымша арқылы өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл өтініш беру процесін жеңілдетеді. Дегенмен, өтініш иесінде мұндай мүмкіндік болмаса, ол бұрынғыша Қазақстанның шет елдердегі мекемелері арқылы құжаттарын өткізе алады.
Ережеге сәйкес, этникалық қазақтар бұл ретте Қазақстанға келудегі мақсатын көрсетуі тиіс. Мысалы, отбасымен қауышу үшін келетін болса, олар Қазақстанда тұратын жақын туыстарымен туыстығын растайтын құжаттарды ұсынатын болса, жұмысқа тұру үшін келетіндер жұмыс берушілерден бос жұмыс орнына жұмысқа орналасуға растайтын құжаттар (еңбек шартын жасасу ниеті туралы келісім) ұсынуы тиіс.
Оқи отырыңыз: 2023 жылы қанша қандасқа өңірлік квота беріледі?
Құжат жобасын жария талқылауға 17 мамырға дейін қатысуға болады.
Еске салайық, 2023 жылы:
- қандастарды қабылдауға арналған 1 925 өңірлік квота;
- қоныс аударушыларды қабылдауға арналған 6 727 өңірлік квота беру жоспарланған болатын.