Тікелей эфир

Тұрғын үй несиесін алғандардың 20 пайызының жасы 30-ға жетпейді

Бұған жастарға арналған ипотекалардың көбеюі себеп.

Бірінші кредит бюросының мәліметінше, жастар арасында ипотека несиесін рәсімдегендердің үлесі артып келеді. Тұрғын үй несиесін алғандардың бестен бірі – 30 жасқа дейінгі жастар. 

Олардың несиесінің орташа сомасы 13 млн теңге шамасында. Еске салайық, жастарға арналған ипотекалық бағдарламалар бойынша несие алушыға дәл осы мөлшерде кредит ұсынылатын. 

"Банк секторы бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі базалық мөлшерлемеден төмен. Нарық оның төмендеуіне іс жүзінде жауап бермеді. Мысалы, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі былтыр қаңтарда 16,75% болды, көрсеткіш базалық және жыл соңындағы (желтоқсанда 15,75%) мөлшерлемемен шамалас" делінген бірінші кредит бюросының хабарламасында. 

Ал жалпы, 2024 жылдың басындағы жағдай бойынша ипотекалық кредиттер портфелі 5,8 трлн теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,3% жоғары.


Оқи отырыңыз: Тұрғын үй кезегіне қалай тұруға болады? Нұсқаулық


 

Серіктестер жаңалықтары