USD: 471.3 / 474.3
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.91 / 6.03
Тікелей эфир
Алматы +30C
Все города

Түрген өзенінен өтетін көпірді су шайып кетті: Оның орнына жаңасы салынады

Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Құрылыс жұмыстары шілденің ортасында басталады.

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында, Түрген өзеніне салынған көпірді нөсер жауыннан кейін су шайып кеткен болатын. Облыс әкімдігінің ақпаратынша, бұл ескі көпір 2024 жылы апатты деп танылып, онымен көліктердің жүруіне шектеу қойылған. 

Енді су шайған көпір орнына жаңасы салынады. 

"Қазіргі уақытта ескі көпірді қайта қалпына келтіру үшін барлық қажетті құжаттар дайындалған. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, оған қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша құрылысты жүргізетін мердігер анықталды. Жаңа көпірдің құрылысы осы айда басталады", – деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз хатшысы. 

Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысы бойынша мердігер ұйым да анықталған.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау