Түнде аяз, күндіз көктайғақ: Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Бірқатар өңірде ауа райы күрт нашарлайды.

12 ақпанда Қазақстанның 16 облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК хабарлады.

Синоптиктердің мәліметінше, бірқатар өңірде қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын соғып, көктайғақ пен тұман күтіледі. Кей аймақтарда желдің екпіні 15-25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Жетісу облысының шығысы мен таулы аумақтарында қар жауып, жаяу бұрқасын жүреді. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Талдықорғанда тұман түсіп, жолдарда көктайғақ қалыптасады.

Ұлытау облысының солтүстік, шығыс және орталық бөліктерінде тұман күтіледі.

Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ таулы аудандарында көктайғақ пен тұман болжанып отыр. Облыстың шығысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы мен Қонаев қалаларында да жолдардың тайғақ болуы ықтимал.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Петропавлда оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қарағанды облысының бірқатар аумағында тұман түседі, түнде жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауып, бұрқасын жүреді. Өскеменде түнгі ауа температурасы -15…-17°C дейін төмендейді.
Абай облысының оңтүстігінде қар жауып, бұрқасын күтіледі. Семейде түнде ауа температурасы -19…-21°C аяз болады.

Жамбыл облысында, әсіресе таулы аудандарда қалың қар түсіп, көктайғақ қалыптасады. Таразда қатты жауын-шашын, тұман және көктайғақ болжанып отыр.

Түркістан облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, көктайғақ пен бұрқасын болады. Шымкент пен Түркістан қалаларында да осындай жағдай сақталады.

Қостанай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында негізінен тұман күтіледі. Қызылорда облысының шығысында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Маңғыстау облысында тұман мен көктайғақ болжанса, Ақтауда түнде және таңертең жолдар тайғақ болады.

Павлодар облысында түнде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Көкшетауда түнгі желдің екпіні 15 м/с шамасында болады.

Синоптиктер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге сақтық шараларын күшейтіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді. Ауа райының қолайсыздығы әсіресе түнгі және таңғы уақытта жол қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз