Тікелей эфир

"Тұмар" ұлттық телевизиялық байқауына екі жаңа номинация қосылды

Байқауға биыл алғаш рет "Үздік спорт комментаторы" және "Үздік журналистік зерттеу" номинациялары қосылды.

"Тұмар-2023" ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер tvtumar.kz сайтында 18 маусымға дейін қабылданады.

Байқауға 2022 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Республикалық және аймақтық телеарналар, студиялар және кәсіби телевизиялық контент шығаратын компаниялардан өтінім қабылданады.

Номинациялар:

  • Үздік ақпараттық бағдарлама
  • Үздік әлеуметтік жоба
  • Үздік журналистік зерттеу
  • Үздік аналитикалық бағдарлама
  • Үздік ток-шоу
  • Үздік ойын-сауық бағдарламасы
  • Үздік тележурналист
  • Үздік тележүргізуші
  • Үздік спорт комментаторы
  • Үздік аймақтық телеарна
  • Үздік деректі фильм (Қамал Смайылов атындағы арнайы премия)
  • Үздік анимациялық фильм (Әмен Қайдаров атындағы арнайы премия)

Жеңімпаздар жылдағы дәстүр бойынша қазақстандық телевизияны дамытуға қосқан үлесі үшін Тұмар мүсіншесіне және 1 миллион теңге көлеміндегі сыйақыға ие болады.

Айта кетейік, биыл алғаш рет "Үздік спорт комментаторы" және "Үздік журналистік зерттеу" номинациялары бойынша журналистер өз бағын сынай алады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары