Тікелей эфир

Түркияда жол апатынан қазақстандық әйел мен баласы қаза тапты

Ауруханада марқұмның күйеуі ауыр жағдайда жатыр.

Аланияда қазақстандық әйел мен оның екі жасар қызы жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды TRT Haber

Оқиға кеше, 3 қыркүйек күні Махмутлар аймағындағы D-400 Газипаша-Анталия тас жолында болған. Қайтыс болғандар сафари көлігінде болған. Түркия азаматы жүргізіп отырған сафари көлігі бір бағытта келе жатқан көлікке соқтығысқан.

Оқиға орнына жедел жәрдем, өрт сөндірушілер мен полицейлер келді.

Қазақстан азаматы Арайлым Нұғманова оқиға орнында, ал оның екі жасар қызы ауруханада көз жұмды. Оқиға салдарынан бақилық болған үшінші адам – ​​Ресейден келген турист.


Оқи отырыңыз: Үндістанда бірнеше пойыз соқтығысып, үш жүзге жуық адам қаза тапты.


Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында марқұмның күйеуі Арайлым Нұғманованың ауруханада ауыр халде жатқанын жазды.

"Анталиядан суық хабар келіп жатыр. Белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан Анталиядағы ірі жол апатына түсіп, өмірден өтті. Әріптесімізбен бірге кішкентай сәбиі де о дүниелік болды. Жолдасы қиын жағдайда ауруханада жатыр. Қазіргі уақытта Түркиядағы Қазақстан елшілігімен арада келісімдер жүргізіліп, ауруханада қиын жағдайда жатқан бауырымыздың тиісті ем алуына жағдай жасалуда. Жерлестеріміздің сүйегін елге алдыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамын",  – деп жазды Жасұлан Бисембиев.


Оқи отырыңыз: Күн сайын жол апатынан 1 бала қаза тауып, 10-нан астамы жарақат алады – ІІМ.


 

Серіктестер жаңалықтары