Түркістан облысында ағайынды жігіттер көршісінің 20 қойын ұрлап кеткен

Күдіктілер жергілікті жердің жұмыссыз тұрғындары болып шықты.

Түркістан облысында полицейлер көршісінің 20-ға жуық қойын ұрлаған екі күдіктіні ұстады, деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.

Түркістан облысы Арыс ауданының полицейлері мал ұрлығына қатысты бар ағайынды екі ер адамды ұстады.

"Күдіктілер жергілікті жердің жұмыссыз тұрғындары болып шықты. Демек, олар алдын ала сөз байласып, түнгі уақытта көршісінің қорада тұрған 20 қойын Газель автокөлігіне part, иесіне байқатпай жымқырып кеткен. Содан малдарды сатып, ақшаны өзара бөліскен. Жәбірленушіге 1,5 миллион теңге шығын келтірген", – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда күдіктілер қамауда, оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз