Тікелей эфир

Төтенше жағдайлар министрі көмек сұрады: Су басу қаупі бар елдімекендер саны 1072-ге жетті

Министр төтенше жағдайдың алдын алу үшін ұсыныстарын айтты.

Су тасқыны қаупі бар елдімекендер тізбесіне түзету енгізілді. Бұрын 1048 елдімекенге қауіп төніп тұрса, қазір олардың саны 24-ке көбейді, деп мәлімдеді ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов. 

Министр Үкімет отырысында су басу қаупі сақталған өңірлерді атады. Олар:

  • Ақтөбе облысында су басқан екі елді мекеннің (Қобда, Қаратал) қалпына келтіру жұмыстары тек біреуінде (Қаратал) ғана аяқталды;
  • Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарында су басу фактілері жыл сайын арық жүйелерінің дайын болмауына байланысты тіркеледі;
  • Қостанай облысында жоспарланған Жол картасының 6 іс-шарасының тек үшеуі бойынша ғана жұмыс басталды.

"Жоғарыда айтылғандарды, сондай-ақ жалпы климаттың өзгеруі бойынша әлемдік үрдісті және осы көктемде Батыс өңірінде су тасқыны бір ай бұрын басталғанын ескере отырып барлық әкімдік ықтимал тәуекелдерге дайын болуы қажет. Әлихан Асханұлы, осыған байланысты қолдау көрсетуді ұсынамын", – деді Сырым Шәріпханов. 


Оқи отырыңыз: Шымкентте дендрарий бағына егілген 2,5 мың ағаш түгелдей қурап кетті


Осы орайда министр келесілерді жүзеге асыруға көмек сұрады:

  1. Өткен жылдардағы су тасқыны жағдайының қайталануын болдырмау мақсатында әкімдіктер ағымдағы жылғы су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру үшін барлық қажетті ресурстарды тарту қажет.
  2. Ағымдағы жылы Жол картасы аяқталатынын ескере отырып, орындалмаған іс-шаралар тиісті бюджет қаражаты көзделетін әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді (РБ) және өңірлердің даму жоспарларына (ЖБ) ауыстырылсын.
  3. Экология және табиғи ресурстар министрлігіне гидротехникалық құрылыстарды уақтылы жөндеуді қамтамасыз етуі керек.
  4. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне су өткізу құрылыстарын, жолдар мен көпірлерді тасқын және еріген сулардың жоғары көлемін өткізуге дайындау қажет.
  5. ТЖ министрлігі ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп азаматтардың қауіпсіздік мәдениеті мен сана-сезімін арттыру мақсатында арықтарды тазарту және қарды уақтылы шығару бойынша халықпен тиісті ақпараттық жұмысты жалғастырсын.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары