Жоба авторы құрылғы жұмысын толық аяқтау үшін қаражат жеткіліксіз екенін айтты.
Торайғыров университетінің Enactus резиденттері зағип жандарға арналған құрылғы жасау жобасын әзірлеуде. Алайда жобаны толық жүзеге асыру үшін $7400 көлемінде инвестиция қажет.
"Speaker Desk – Брайль қарпіндегі кез келген мәтінді аударып, қолданушыны шет тілдеріне бейімдеуге арналған. Құрылғы, сонымен қатар, сканерленген материалды дыбыстап, Брайль қарпін үйренуге мүмкіндік береді. Ол Arduino платаларында орналасқан, декодер-аударма және мәтіннің сканері бағдарламасында жұмыс істейді", – делінген хабарламада.
Жоба авторы Әділ Кайкеновтың айтуынша, осы тектес құрылғылар бар. Дегенмен, бірі Брайль әліпбиіне үйретеді, екіншілері тек сканерленген мәтінді дыбыстайды.
"Біздің құрылғы кез келген тілдегі мәтінді сканерлеген кезде оны орыс тіліне аударады және Брайль шрифтінде тақтаға шығарады. Қажет болса, дыбыстайды. Ұқсас құрылғылар сканерленген тілдегі мәтінді дыбыстай алмайды", – Әділ Кайкенов.
Enactus командасының капитаны Әліхан Арынтайдың айтуынша, қазіргі уақытта құрылғыны алуға болатын сайт жасалуда. Сонымен қатар, еліміздің зағиптар қоғамымен әріптестік орнатылмақ.
Еске салсақ, АҚШ ғалымдары "ақылды" маска жасап шығарды. Ол адамдардың коронавирус жұқтырғанын анықтайды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥊 Жәнібек Әлімханұлы мен Стивен Батлердің жекпе-жегі 13 мамырда АҚШ-та өтеді
-
301
-
0
-
0
-
-
2«TikTok»-та онлайн заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғандар 1,5 жылға сотталды
-
263
-
0
-
0
-
-
3🎙 Қазақстанда қанша халық әртісі бар?
-
272
-
0
-
0
-
-
4⚡️“Аманат” партиясы премьер-министр лауазымына Әлихан Смайыловты ұсынды
-
260
-
0
-
2
-
-
5🎒 Биыл Қазақстанда 400 мыңнан аса бала бірінші сыныпқа барады
-
266
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев парламент мәжілісіндегі саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кеңес өткізді
-
231
-
0
-
0
-
-
7⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында сөз сөйлейді
-
221
-
0
-
0
-
-
8⚡️ Мемлекет басшысы Үкімет назар аударуы тиіс мәселелерге тоқталды:
-
224
-
0
-
0
-
-
9Мемлекет басшысы: әр аймақтың өзіне тән мүмкіндігін толық пайдалану қажет.
-
220
-
0
-
0
-
-
10⚡️ Мемлекет басшысы: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет»
-
230
-
0
-
0
-