Тоқаевты Иордания королі салтанатты түрде қарсы алды

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Әскери оркестр Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Хусейния сарайына келді. Қазақстан президентін Король II Абдалла бен әл-Хусейн мен Тақ мұрагері Әл-Хусейн қарсы алды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.      

Әл-Хусейния сарайында Иордан Хашимит Корольдігіне ресми сапармен келген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Мәртебелі мейманның құрметіне сарай алдындағы алаңда Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды. Әскери оркестр Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Құрмет қарауылы ротасы бастығының рапортынан кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз