USD: 472.3 / 474.9
  • EUR: 544.0 / 549.0
  • RUB: 5.61 / 5.73
Тікелей эфир
Алматы +32C
Все города

Тоқаев Жапониядағы жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Президент Кумамотодағы жер сілкінісінен кейін көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония премьер-министрі Санаэ Такаичиге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда. 

Ақорданың мәліметінше, президент Жапонияның Кумамото префектурасында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза табуына байланысты премьер-министр Санаэ Такаичиге, жақындарынан айырылған отбасыларға және Жапония халқына көңіл айтты.

"Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болған жандардың туыстарының сабырға келуіне, жарақат алған адамдардың тез арада сауығып кетуіне тілектестігін білдірді", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, осыған дейін Жапонияда соңғы 10 жылдағы ең жойқын жер сілкінісі болған еді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау